Қасым-Жомарт Тоқаев: Әли, сенің күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әли, сенің күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА Суперкубогын табыстаған жас қазақстандық жөнінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әли, сенің күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді

«Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен матчтың жеңімпазын марапаттау салтанатына қатысты. Әли, сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын!», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Әли Тұрғанбеков өз қолымен ағылшынның Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстаған еді.