Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға екі күндік жұмыс сапарымен келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға екі күндік жұмыс сапарымен келді

Президент бүгін «Жаңа Алматы» бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, «Балалар үйінің» тәбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.

Сонымен қатар «Tech Garden» инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болады.

Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.