Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президентіне коронавирустан жылдам сауығып кетуін тіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Армен Саркисянның @Arm_President коронавирустан жылдам айығып кетуіне және Армения халқының игілігі үшін мемлекеттік қызметке қайта оралуына тілектеспін. Біздің елдіріміз бен бүтін әлемнің белсенді күш-жігері COVID-19-ды жеңуге ықпал ететініне сенімдімін», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Арменпресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, А.Саркисян Жаңа жылды Лондонда отбасымен және немерелерімен бірге қарсы алды.

«3 қаңтарда Лондонда Президент Саркисянның аяғына операция сәтті жасалған болатын. Алайда, Президентте сондай-ақ коронавирустың жаңа түрінің белгілері көрініс берген. Тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті...

Президент Саркисян өз қызметін уақытша қашықтан жалғастырады», - деп мәлім еткен Арменпресске Армения Республикасы Президентінің БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар