Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы сайлау учаскесінде дауыс бердi (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламентi Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы нөмiрi 100-шi сайлау учаскесiнде алғашқылардың бірі болып, ҚР Президентін сайлауда дауыс бердi.
"Бiртұтас халық болып, Қазақстанның игiлiгi, өркендеуi және iлгерiлеуi үшiн дауыс беру - мiндетiмiз. Шын мәнiнде, алдымызда тұрған мақсаттар өте қарқынды, бұл ең алдымен - "Нұрлы жол" бағдарламасы содан кейiн реформаның институциональдi 5 негiзгi қадамы. Бұл реформаларды ойдағыдай iске асырсақ, Қазақстан өз дамуында iлгерi қадамдар жасайтыны сөзсiз", - дедi ол журналистерге берген сұхбатында.