22:06, 19 Қыркүйек 2022 | GMT +6
Қасым-Жомарт Тоқаев Австралияның бұрынғы премьер-министрімен жаһандық саясатты талқылады
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Австралияның бұрынғы премьер-министрі Кевин Раддпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Австралияның бұрынғы премьер-министрі, Asia Society талдау орталығының президенті Кевин Раддпен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері, оның ішінде жаһандық саясат пен экономика мәселелері талқыланды.
Фото: t.me/bort_01