Қасым-Жомарт Тоқаев: БАҚ-тың рөлі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі артып келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесінің қарсаңында Қазақстан Медиа Альянсының басқарма төрағасы А.Байтасовты қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Президенті өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.
«Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесінің қарсаңында Қазақстан Медиа Альянсының басқарма төрағасы А.Байтасовты қабылдадым. Әлеуметтік-саяси өзгерістер жағдайында БАҚ-тың рөлі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі артып келеді»,-деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Үкіметі қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесін бекітті.