Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Венаға жүріп кетті

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат. Үстіміздегі жылғы ақпанның 18-21 аралығында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Венада болатын кезекті қысқы сессиясына қатысады,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Сенаттың баспасөз қызметінен.Алдағы жиын аясында Ұйымның Тұрақты комитеттерінің, сондай-ақ оның үш Жалпы комитеті: саяси мәселелер мен қауіпсіздік, экономика мәселелері, ғылым, технология және қоршаған орта комитеттерінде отырыстар өтеді.2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын таныстыруға арналған арнайы сессия барысында Қ.Тоқаев баяндама жасайды.Жоғарғы палатаның басшысы парламенттік қоғамдастықты Бағдарламаның негізгі мазмұны және мақсатымен, сондай-ақ ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне әзірлік аясындағы Қазақстан Парламентінің заң шығару қызметімен таныстырады.Қазақстан мен Австрия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевтың Австрия Республикасының Президенті Хайнц Фишермен, сондай-ақ Австрия Федералды Жиналысының (Парламентінің) басшысы ? Федералдық Кеңесінің Төрағасы Харальд Райзенбергермен және Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Барбара Праммермен кездесулері жоспарланып отыр.Сондай-ақ қазақстандық парламентшілер «Австрия-Орталық Азия мен Кавказ маңы» тобының депутаттарымен кездесетін болады.
Соңғы жаңалықтар