Қасым-Жомарт Тоқаев Exit poll нәтижесі жарияланғанда қандай сезімде болғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Exit poll нәтижесі жарияланғанда қандай сезімде болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Exit poll нәтижесі жарияланғанда қандай сезімде болғанын айтты

Сұхбат барысында БАҚ өкілдері Мемлекет басшысынан 9 маусым күні түнгі сағат 00-00-де егзит пул нәтижесі жария етілгенде қандай сезімде болғанын сұраған еді.

«Нәтижелер жария етілгеннен түсініксіздеу салқынқандылық, байсалдылық болды. Неге екенін білмеймін. Мүмкін мұнан ары не істеу қажеттігін ойлаған кейін шығар. Ал кесте өте қауырт», - деді Қазақстан Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен халықтың өмір сүру деңгейін көтеру үшін жұмыс істейтіндігін баса айтты.

«Орын алып отырған проблемаларды жақсы түсінемін және қазіргі уақыттың өзінде белгілеп қойдым. Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, бүгінгі менің баспасөз мәслихатымда істің қазіргі жай-күйіне қатысты салтанатты мәлімдемелер болған жоқ. Яғни, таяу уақытта немен айналысатындығымызға қатысты шынайы әдістер», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.