Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Шургаияны оның біздің еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Шургаияны оның біздің еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Сенаттың баспасөз қызметі.Төраға жемісті жұмысы үшін грузин дипломатына алғыс айта отырып, екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға қомақты үлесін атап өтті.З.Шургаия өз кезегінде Грузия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жалғастыру тұрғысындағы ойларын ортаға салды.Дипломат, сондай-ақ «қазақстандық бизнесті табысты ілгерілетуге оның елінде барлық қажетті жағдайлар бар екенін» атап өтті.
Соңғы жаңалықтар