Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрімен және Сингапур Президентімен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс жоспары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі.

Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.


Соңғы жаңалықтар
telegram