23:20, 10 Сәуір 2020 | GMT +6
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан да бауырлас елдерге мүмкіндігінше қолдау көрсетіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан да бауырлас елдерге мүмкіндігінше қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттері кеңесінің төтенше бейнесаммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бауырлас мемлекеттерге Қазақстан да мүмкіндігінше көмек көрсетуде. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз Қырғызстан мен Тәжікстанға (әр мемлекетке 5 мың тонна ұннан) көмек көрсеттік»,-деді Президент.
Осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі тілдем мемлекеттері кеңесінің төтенше бейнесаммитіне қатысатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ бүгін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Баку декларациясы жарияланды.