Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дипломаттарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дипломаттарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы Президент Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дипломаттарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

«Қазақстан дипломаттарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Роберт Асприн жазғандай, дипломатия - өркениетті жауынгердің өткір қаруы. Халықаралық аренада ұлттық мүдделерімізді қорғау жолындағы табанды және жүйелі еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін» делінген хабарламада.