Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Өзбекстанның өркендеуі Орталық Азиядағы дамудың маңызды факторы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның өркендеуін Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақты дамудың маңызды факторы ретінде қарастырады. Бұндай пікірді Сенат спикері өзінің ФБ-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Еске сала кетейік, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік еткен парламенттік делегация Өзбекстанға ресми сапармен барған болатын.

«Өзбек Парламенті басшылығымен парламентаралық диалогты және заң шығарушылық қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамыту сұрақтары талқыланды. Өзбекстан Олий Мәжілісі СенатыныңТөрағасы Нигматулла Юлдашевты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырдым. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеёвпен кездестім. Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің ниеттестік тұрғысындағы күш-жігері арқасында екіжақты қатынастарда биыл жемісті жыл болды. Қазақстанның да, Өзбекстанның да тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақты дамудың маңызды факторы болып отыр», - деп жазады Сенат спикері әлеуметтік желідегі парақшасында.

null

Соңғы жаңалықтар