Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Игорь Чудинов бастаған қырғыз делегациясымен кездесті
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Игорь Чудинов бастаған қырғыз делегациясымен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында екіжақты, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың ахуалы мен оны дамытудың келешегі талқыланды.
Қ.Тоқаев бұл сапардың Қазақстан-қырғыз қатынастарын одан әрі кеңейтудегі маңыздылығына тоқтала келіп, екі мемлекет арасындағы одақтастық байланыстарды нығайтудағы парламентаралық өзара іс-қимылдың ерекшелігін атап өтті.
Төрағаның айтуынша, Үкіметаралық Қазақстан-Қырғыз Кеңесі бірінші отырысының қорытындылары бойынша қол қойылған үкіметаралық Келісім де екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастық одан әрі белсенділендіруде ерекше маңызы бар.
Екіжақты қатынастардың қарқынды дамуына тоқтала келіп И.Чудинов оны өзара тиімділік негізінде нығайтуға мүдделі екенін айтты.«Парламентаралық байланыстарды дамыту ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады, заң шығарушылық саласындағы пікір алмасу мен кеңесулер бауырластық қатынастарды бекемдеуге ықпал етеді», деді Қырғыз елінің Премьер-Министрі.