Қасым-Жомарт Тоқаев Көшербаевқа Президент Әкімшілігін жаңғыртуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған Қырымбек Көшербаевқа бірқатар міндеттер жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев Көшербаевқа Президент Әкімшілігін жаңғыртуды тапсырды

«Қырымбек Көшербаевты Президент Әкімшілігі Басшысының лауазымына тағайындадым. Әкімшіліктің жұмысын жаңғырту, орталық және жергілікті билік органдарымен өзара тиімді іс-қимыл жасау тетіктерін жолға қою жөнінде бірқатар міндеттер қойдым», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-де.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.