Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарымен таныспақ

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Мемлекет басшысының Қостанайдағы өртке қарамастан облысқа жұмыс сапарымен баратыны хабарланған еді.
Соңғы жаңалықтар