Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы iKomek орталығында болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласында ашылған iKomek орталығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

iKomek орталығының негізгі қызметі - тұрғындардың өтініштерін қабылдау, коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру. Негізі осы жылдың 1 ақпанынан бастап 109 бірыңғай нөмірі енгізілген. Кейін коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылды. Бүгінге дейін орталыққа тұрғындардан 1700-ден астам қоңырау қабылдап, оның 748-не операторлар тұщымды жауап беріп, 952 өтінішті жүйеде тіркеген. Соның 548-і толығымен орындалған. Қазір бұл орталықта 28 маман жұмысқа қабылданған.

iKomek 3 бағытта жұмыс істейді. Әуелі қала тұрғындары мен қонақтарынан өтініштерін 4 оператор қабылдайды. Одан әрі 4 инспектор сұрақтың сапасы мен мазмұнын бақылап, атқарушы органдарға бағыттайды. Үшіншіден, барлық мүдделі қызмет тұрғынның өтінішін қарастырып, шешімін береді. Осы уақытқа дейін 40-тан астам мемлекеттік органда, халыққа қызмет көрсететін ведомстволық және мердігерлік ұйымдарға тексеру жүргізілді. Барлығы 1000-нан астам қызмет іріктеліп, тиісті регламент әзірленді. Орталық ТКШ, тұрғын үй қатынастары, денсаулық сақтау, білім беру, АХАТ, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, ветеринария бағыттары бойынша қызмет атқарады.

Бүгін ҚР президентінің тапсырмасы бойынша халықпен өзара іс-қимыл және кері байланысты жақсарту үшін әлеуметтік желілердің автоматты мониторингі енгізілді.

Мемлекет басшысы орталық жұмысына оң бағасын берді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан бір топ бизнес, медицина, үкіметтік емес ұйым, білім саласындағы азаматтарды Президенттің Алғыс хатымен марапаттады. Олардың арасында кәсіпкерлер Абай Мұқанов пен Сергей Блок, хирург Талғат Қайкенов, педагог Станислава Щегельская, үкіметтік емес ұйымның өкілі Динара Өтебаевалар бар.

Соңғы жаңалықтар