19:44, 20 Тамыз 2020 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралау барысында күмбездің тарихи келбетін сақтай отырып жүргізілген жаңарту жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Атап айтқанда, кесененің желдеткіш қабаттары реттеліп, күмбез етегіндегі сегіз қырлы қосындыға гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағындағы тарихи орындар қайта қалпына келтіріліп, кесене алдына туристер демалатын қалың бау-бақшалы алаңқай салынған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқарылған жұмыстардың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілгені жөнінде баяндалды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.