Қасым-Жомарт Тоқаев: Қылмыстық кодекстің 130-бабын декриминализациялау керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабы декриминализацияланады. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баяғыдан бері талқылап, қоғамда қызу пікірталас тудырып келе жатқан тағы бір маңызды мәселе - бұл Қылмыстық кодекстің жала туралы 130-бабы. Ұлттық кеңестің бірінші отырысында да бұл мәселе көтерілді. Бұл бапты декриминализациялау ұсынылды. Дегенмен, байыпты қарсы аргументтер де бар. Кейбір қоғам мүшелері, тіпті құқық қорғаушылар Қылмыстық кодексте бұл норманы сақтауды жақтап отыр. Өйткені, әңгіме адамның құқығын қорғау, оның абыройы мен ар-намысын сақтау жайында болып отыр. Өз кезегінде, кейбір мемлекеттік органдар 120-баптың бірінші тармағына ғана өзгертулер енгізуді ұсынады», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің дерегінше, Қылмыстық кодекстің 130-бабын өзгерту мәселесінің өзіне ғана Ұлттық кеңестің мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен бірнеше жұмыс талқылауы өткен. Осы норманы талқылау барысында бір шешім табудың қаншалықты күрделі екендігі анық байқалған.

«Барлық ұстанымдарды және бұл мәселенің ерекшеліктерін сараптау қорытындысы мен Қылмыстық кодекстің 130-бабын декриминализациялау және оны Әкімшілік кодекске ауыстыру туралы шешім қабылдадым. Бұған қоса, өзге адамдардың құқығына кепіл беру және оларды жала өсек пен орынсыз айыптаулардан қорғау үшін жауапкершіліктің жоғары шараларын сақтау қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар