Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Ақтөбеде экологиялық қауіпті жағдайды шұғыл шешуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңадан құрылған министрліктің басшысына нақты тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.
None
None

«Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма»,-деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, осы аптада елімізде Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа екі министрлік құрылды.

Осыған қарай ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін басқару Мағзұм Мырзағалиевке жүктелді. Сондай-ақ жаңа құрылған ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басшысы лауазымына Бақыт Сұлтанов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар