Қасым-Жомарт Тоқаев «Мир» мемлекетаралық телерадиокешенінің төрағасын марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі саммитінің кеңейтілген отырысында «Мир» мемлекетаралық телерадиокешенінің төрағасы Радик Батыршинді ТМД грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мир» мемлекетаралық телерадиокешенінің төрағасын марапаттады

«Құрметті, отырысқа қатысушылар! Біз қабылдаған шешімді орындау аясында «Мир» мемлекетаралық телерадиокешенінің төрағасы Радик Батыршинге біздің марапатымыз - ТМД грамотасымен марапаттауға рұқсат етіңіздер», - деді Президент.