Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің басты проблемаларын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі шешімін күтіп тұрған басты проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Расында сайлау науқаны кезінде мен аймақтардың барлығын аралап шықтым. Әрбір аймақтың өз ерекшелігі бар. Ол заңды нәрсе, дегенмен, әрбір аймақ біздің еліміздің дамуына өз үлесін қосып отыр. Ал шындықты айтсақ, елімізде түйіні шешілмеген мәселелер бар. Мен оларды жақсы білемін, сіздер де жақсы білесіздер. Бұл - медицинаның сапасы, жалақының төмендігі, экология, ауыз сумен қамтамасыз ету және тағы басқалары. Сондықтан бұл өзекті мәселелерді біз басты назарға аламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті осы орайда Үкіметке тисті тапсырмалар беретіндігін баса айтты.

«Қазіргі таңда нақты шешімдер қабылдау керек. Халық бізден осы шешімдерді күтіп отыр. Халық ұзақ сөздерден әбден шаршады. Сондықтан мен Президент ретінде осы жұмыспен міндетті түрде айналысамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар