Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан халқына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Каримовтың қазасына байланысты өзбек халқына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан халқына көңіл айтты

Бұл туралы Сенат Төрағасы өзінің Твиттердегі парақшасында жазды.

«Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімов  қайтыс болуына өзбек xалқына шын жүрегімізбен көңіл білдіреміз. Иманды болсын», делінген жазбада.