Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен кездесті

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.


Фото:t.me/bort_01