Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Кеңсесін трансформациялауды ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың басшылары жекелеген мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдаудан әлі қорқады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ведомствоаралық үйлестіру мен салааралық мәселелерді шешудегі рөлін арттыра отырып, Премьер-Министр Кеңсесін Үкіметтің жинақы аппаратына кешенді трансформациялау жүргізілуі тиіс. Қабылданған шешімдерді сапасыз орындау мәселелері министрлер мен ведомстволар басшыларының өкілеттіктеріне негізделеді. Мемлекеттік органдардың басшылары жекелеген мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдаудан әлі қорқады», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өтуінше, мемлекеттік органдар әртүрлі дәлелдерді алға тартып, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшысының мақұлдауын алуға тырысатындығын баса айтты.

«Кейде Үкімет мүшелеріне жазбаша тапсырма беруге тура келеді. Әйтпесе тапсырманың орындалмау, жобаның орындалу мерзімінің үзілу қаупі бар. Бюрократиясыздандыру туралы Жарлық аясында біз Үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын ағымдағы мәселелер бойынша құжаттарды Әкімшілікке енгізуге тыйым салдық. Алайда бұл тәжірибе әлі жойылған жоқ», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар