Қасым-Жомарт Тоқаев: Реформалар - бұл Тұңғыш Президенттің ұстанымы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы конференцияда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табысты мемлекеттің қалыптасуына Елбасының қосқан үлесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қасым-Жомарт Тоқаев: Реформалар - бұл Тұңғыш Президенттің ұстанымы

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолы - болашақ үшін жасампаздық, эволюция, прогрес. Табысты мемлекетке, яғни шын мәнінде өңірлік державаға айналған Қазақстан құқық тетігін, азаматтық қоғамды дамытуда қуатты серпіліс жасады. Бұл өз кезегінде демократиялық реформаның қайталанбас сипатын қамтамасыз етті», - деді Президент.

Осы орайда Қ. Тоқаев саяси тұрақтылық, барлық салаларды жаңғырту мен жауапкершілікті сыртқы саясат ел экономикасына 300 млрд доллардан астам шетелдік инвестицияның тартылуына жол ашқанын атап өтті.

«Реформа - ол Тұңғыш Президенттің ұстанымы. Сондықтан да Елбасы үнемі озық шешімдерді іздестіріп келеді, сондай-ақ әлемдік үздік тәжірибеге сүйенуде», - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр.

Жиында Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигоны қалай жабылғанын еске алды.