Қасым-Жомарт Тоқаев Шетел инвесторлары кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетел инвесторлары кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

«Сіздерді кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырғым келеді. Олар Бела Ференци, Гэри Нейгл, Уве Кнотцер, Николя Террас, Кирсти Хелен Уилсон, Вадим Воробьев, Тицуя Шинохара», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Шетел инвесторлары кеңесінің байқаушыларын да таныстырып өтті.

«Кеңестің бақылаушылары ретінде Франсуа Жаков, Мишель Симонс және Лоренцо Симонеллиді де атап өткім келеді» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетерлігі, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысының тақырыбы экономиканы көміртексіздендіруге және төменкөміртекті технологияларды енгізуге арналған.