Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері ауысты. Жаңа мүшелерді бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

«Кеңестің жаңа мүшелері Baker McKenzie International төрағасының орынбасары, сонымен қатар Жаһандық атқару комитетінің мүшесі Констанц Ульмер-Айлфортке, «Дойче банкі» Орталық және Шығыс Еуропа бойынша өңірлік басқармасының атқарушы директоры Йорг Бонгартцке, METRO AG атқарушы директоры Филипп Палацциге, Petro China Company limited қытай ұлттық мұнай корпорациясының вице-президенті Хо Цзицзюньге қошеметімді білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ҚР Президенті бүгінгі отырысқа қатыса алмаған кеңестің жаңа мүшелері Mitsubishi Corp. аға вице-президенті Исао Каноны, CitiGroup-тың Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша атқарушы директоры Дэвид Ливенгстоунды құттықтады.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші жалпы отырысы өтіп жатыр.