Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Нелленді қабылдады

СТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Нелленді қабылдады,

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Нелленді қабылдады

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы мен екі мемлекет арасындағы қатынастардың маңызды құрамдастығы болып табылатын парламентаралық байланыстары табысты өрістеп келе жатқанын атап өтті.

Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Төрағасы лауазымына Қазақстан кандидаттығын қолдау білдіруіне орай швейцария жағына ризашылығын айтты және көзқарастардың ұқсастығы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы мен Швейцариямен өзара іс-қимылдағы көптеген өңірлік мәселелерді оң шешілуіне ықпал ететінін атап өтті.

Ол сондай-ақ үстіміздегі жылғы мамырда Алматыда өтетін «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламентшілер жиынының мақсаты мен міндеттері туралы айта келіп, швейцар парламентшісін осы шараға белсенді түрде қатысуына сенім білдірді.

Кездесу барысында бірлескен құқықтық-келісім негіздерін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері талқыланды.