16:49, 01 Сәуір 2021 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармация» басшысына ескерту жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармацияның» жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Жекелеген өңірлерде сатып алынатын жеке қорғану құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалуда. Біз «СҚ-Фармация басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Олай болмаған жағдайда - жұмыстан босатылады», - деп ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл кеңесінде.
Еске салсақ, аталмыш жиында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды екпе мәселесіне қатысты қауесеттерден аулақ болуға шақырды.
Сондай-ақ, Президент Иммундау қарқыны бойынша көшбасшы елдерден біршама арта қалып келе жатқанымызды айтып, соның кесірінен жедел жеткізілім үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық шарттарға келісуге мәжбүр боп отырғанымызды жеткізген.