Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен өткізген кездесуінен кейін Ресей Президентінің бастамасымен құрылған «Сириус» білім беру орталығында болды.
None
None

Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен, даму тұжырымдамасымен және ғылыми-технологиялық кластер құру жоспарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

«Сириустың» қызметі спорт, өнер, ғылым және шығармашылық салаларында ерекше қабілеттерін танытқан дарынды балаларды ерте анықтауға, дамытуға және одан әрі кәсіби түрде қолдауға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар