01:38, 26 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Ту-154 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 93 адамның өмірін алып кеткен әуе апатында қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.

«Шын көңілден Қара Теңіздің үстінде болған апаттан көз жұмғандардың отбасыларына көңіл білдіремін. Қайғы! Үлкен өкінішке орай қайырымдылық шарасымен мыңдаған адамның жан-жүрегіне нәр құйған Елизавета Глинка (Доктор Лиза) қаза тапты», деп жазды Сенат спикері твиттерде.