Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президентті «Алтын жұлдыз» орденімен марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Алтын жұлдыз» орденімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын беремін», - деді Қ.Тоқаев.


null
null

Соңғы жаңалықтар