Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы Жастар орталығын аралап көрді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға іс-сапар кезінде жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығына» аялдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы орталықта «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» және «Stem» жобаларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Сондай-ақ, «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының резиденттерімен кездесті. Бүгінгі таңда орталық бір уақытта 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Бұдан кейін Мемлекет басшысының сапары Түркістанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысуымен жалғасты. Жалпы аумағы 96 200 шаршы метрді құрайтын 1560 пәтерлік 26 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жылы ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланған.

null null null

Соңғы жаңалықтар