13:37, 22 Тамыз 2022 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Мардин және Газиантеп провинцияларындағы жантүршігерлік жол-көлік апаттарынан көп адамның қаза табуы мен бірқатар азаматтың ауыр жарақат алуына байланысты Президент Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Осындай қиын сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Марқұмдардың Алла Тағаланың шапағатына бөленуін, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін», – деп жазылған Президенттің жеделхатында.
Еске салайық, Түркия автожолында болған оқиға салдарынан 16 адам көз жұмып, 22 адам зардап шеккен болатын.