Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның ұлттық көшбасшысы Хо Ши Мин мавзолейіне гүл шоғын қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хо Ши Мин мавзолейіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент осы елдің ұлттық көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті. Сонымен қатар, гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы да қатысты.








