Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісім ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Тибор Тотты қабылдады

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған конференция жұмысына қатысу үшін Қазақстанға келген Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісім ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Тибор Тотты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісім ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Тибор Тотты қабылдады

Кездесу барысында халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстанға сапары және Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша белгіленген Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған конференцияға қатысқаны үшін Қ.Тоқаев ризашылық білдірді.

Қазақстанның осы халықаралық құрылыммен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өте келіп, Қ.Тоқаев қаруды таратпау тәртібінің негізгі бөлігі және ядролық қарусыздану саласындағы тиімді құрал ретінде ЯСЖТСҰ ролін атап өтті.

Қ.Тоқаев ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайту және халықаралық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған ЯСЖТСҰ қызметін оң бағалады. «Қазақстан оның қызметін толық қолдайды және Келісімнің тезірек күшіне енуін жақтайды»,-деп атап өтті төраға.

Атқарушы хатшы Т.Тот өз тарапынан ЯСЖТСҰ-ның Қазақстанмен қалыптасқан қатынастар деңгейін жоғары бағалады және ядролық қарусыздану мен оны таратпаудың жаһандық үдерістеріне біздің еліміздің үлесін жоғары бағалады.

Т.Тоттың пікірінше, ядролық қарудан бас тарту туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл шешіміне негізделген, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау және ядролық қарусыздану мәселелеріндегі Қазақстанның көшбасшылығы ядролық терроризммен күрес жөніндегі жаһандық бастамаға еліміздің белсенді қатысуымен нақтыланып отыр.