Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаһандық бәсеке күшейген заманда алыстағыны алатын алғырлық керек

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаһандық бәсеке күшейген заманда алыстағыны алатын алғырлық керек

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаһандық бәсеке күшейген заманда алыстағыны алатын алғырлық, қиядағыны шалатын қырағылық керек. Сондықтан, Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде енжарлыққа жол бермеуіміз қажет»,-деп атап өтті.