Қасым-Жомарт Тоқаев жастар үшін қоғамдық-саяси лифті құруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың белсендігін арттыруға қатысты ұсыныстар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастар үшін қоғамдық-саяси лифті құруды ұсынды

«Партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін міндетті 30 пайыздық квотаны қарастыру керек. Біз әйелдердің саясатқа белсенді түрде келуін ынталандыруымыз қажет, әсіресе, заң шығарушылық процесіне. Дәл осылай Парламентке және жергілікті өкілетті органдарға жастардың келуіне ықпал етуіміз керек. Елбасы бұл жайында жақында «Nur Otan» белсенділерінің қатысуымен өткен кеңесте айтқан болатын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында.

Осы орайда Президент жастардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуға дайын екендігін атап өтті.

«Жастар үшін тек әлеуметтік лифтілерді ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси лифтілерді де құруымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.