Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды

Бүгін Президент «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.