Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысына келді

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысына келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысына келді

Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарын аралайды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізеді деп жоспарлануда.