Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді

«Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған», деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.