Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб үгіт-насихат жұмысын бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына үгіт-насихат науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 21 қазан сағат 18.00-де ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат науқанын бастады. Республикалық қоғамдық штабқа 3 парламенттік саяси партиядан және 22 республикалық қоғамдық ұйымдардан тұратын халықтық коалицияның өкілдері кірді», - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратта айтылғандай, халықтық коалиция белсенділері еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат материалдарын БАҚ пен әлеуметтік желілерге жариялауды бастады.

«Ертең республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап штаб мүшелері сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады. Сондай-ақ, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб әлеуметтік желілерде жеке парақшалар ашты. Онда штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер туралы барлық ақпарат және өзге де үгіт-насихат материалдары жарияланады», - деп хабарлайды штабтан.


Соңғы жаңалықтар