Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram аккаунтының ашылғанына 3 жыл толды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін 1 сәуірде Президенттің Инстаграмдағы tokayev_online аккаунтының ашылғанына тура 3 жыл болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.
Осы аралықта 126 пост жарияланып, 2,1 млн. оқырман жазылған.
Сонымен қатар бүгін БОРТ N1 (http://t.me/bort_01) телеграм каналының ашылғанына тура 1 ай толды.
Мұнда әзірге 20 мыңнан астам адам жазылды.
«Бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Өздеріңізге алдағы уақытта да маңызды ақпараттарды жеткізуді жалғастыра береміз»,-делінген хабарламада.