Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапарынан видео жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапарының салтанатты рәсімі туралы видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Видеоны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады. Үзіндіден Қазақстан басшысын Оңтүстік Корея тарапы қалай қарсы алғанын көруге болады.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды. Қазақстан Президентін Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты.

Оңтүстік Корея Президентінің резиденциясында өткен екіжақты кездесуде тараптар қазақ-корей стратегиялық әріптестігін одан ары дамытудың перспективаларын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелерді қарастырып, халықаралық құрылымдардағы өзара ынтымақтастықты талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Инге корей жерінде көрсетілген құрмет пен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесудің қазақ-корей қарым-қатынасына тың серпін бергенін айтты.

Осы кездесуден кейін қос елдің Презиенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

«Екі елдің арасы алшақ болғанымен, халықтарымыз – тағдырлас. Корея – Қазақстанның Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесінің бірі. Қазір сан салалы байланысымыз қарқынды дамып келе жатыр. Біз бүгін осы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру үшін өзара сенім мен қолдауға негізделген келіссөздер жүргіздік. Ықпалдастықтың тың бағыттарын айқындадық, – деді Қазақстан Президенті.


Соңғы жаңалықтар