Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Сенат бюросының отырысы болды
деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
Палата депутаттарының талқысына «Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы», сондай-ақ «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол жүрісі туралы конвенциясын ратификациялау туралы» және «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобалары ұсынылатын болды.
Сенаторлар «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да талқыға салады.
Сондай-ақ кейбір заңнамалық актілерге терроризмге қарсы және қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын бірінші оқылымда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарау көзделіп отыр.
Отырыс барысында депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Регламентіне енгізу қарастырылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды да талқыға салатын болады.