Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болды

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Бюро отырысында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Экономикалық және өңірлік саясат комитетіне зерделеуге берілді. Бұл комитетке «Мемлекеттік статистика туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары да қарауға және тиісті қорытынды әзірлеуге ұсынылды.
Бюро отырысында 24 желтоқсанда болатын Сенаттың жалпы отырысының күн тәртібін жасақтау жөніндегі комитеттер ұсыныстары да қаралды. Жалпы отырыста «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралатын болды. Талқылауға «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары да ұсынылатын болды.
Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда, ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралады.
Сонымен бірге «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Парламент палаталары арасындағы келісу комиссияларының ұсыныстары талқыға салынады.