Қасымхан Төленбай өзбек балуанын ұтып, чемпион атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 66 келі салмақта ел намысын қорғаған Қасымхан Төленбай бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қасымхан Төленбай финалда Өзбекстаннан келген Аброр Жабборовпен белдесті. Аса тартысты өткен белдесуде қазақ балуаны қарсыласын жамбасқа алу әдісімен таза ұтып, әлем чемпионы атанды.
Бұл осы біріншіліктегі ел қоржынына түскен бесінші алтын медаль. Осыдан санаулы минуттар бұрын 60 келі салмақта Қуаныш Ысқақов түркиялық балуан