Каталония парламенті таратылды, 21 желтоқсанда сайлау өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Премьер-Министрі Мариано Рахой Каталония парламентін таратып, сайлауды желтоқсанның 21-не тағайындады. Бұл туралы Рахой Министрлер кеңесінің шұғыл мәжілісінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлады Риа Новости агенттігі.

Каталония парламенті таратылды, 21 желтоқсанда сайлау өтеді

Премьер-Министр женералитетті таратып, оның басшысы Карлесса Пучдемонды және Каталония полициясының басшысын лауазымынан аластатты.

Ол әңгіме өзін-өзі басқаруды тоқтату емес, заңды каталондықтарға қайтаруды қамтамасыз ететін қалыпты жағдайға келтіру жөнінде болып отырғандығын мәлімдеді.

«Құқықтық мемлекет өзінде заңның орындалуын қадағалайтын құралдары бар екендігін дәлелдейді»,-деп қосты Рахой.

Каталония парламенті жұма күні Испаниядан тәуелсіз болуды қолдап, дауыс берді. Испания сенаты өз кезегінде конституцияның 155-ші бабын қодануды мақұлдады. Аталмыш бап Каталония үкіметін отставкаға жіберіп, автономияны тікелей Мадридке бағындырып, жаңа сайлау тағайындауды қарастырады.