Каталония референдумнан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталония үкіметі 9 қарашада өтуі тиіс Испаниядан тәуелсіздік алу туралы референдумның күшін жою туралы шешім қабылдады.

Каталония референдумнан бас тартты

Бұл туралы өңір басшысы Артур Мастың автономиялық облыстың бөлінуін қолдайтын үш ұлттық саяси партия басшыларымен арада өткен он сағатқа созылған кездесуден кейін мәлімдеді, деп хабарлады Reuters.

Каталония басшысы дауыс беру құқықтық кепілдік болмауы себепті өткізілмейді деп санайды.